Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектептегі кейбір пәндердің оқу бағдарламасына өзгеріс енгізілді

Мектептегі кейбір пәндердің оқу бағдарламасына өзгеріс енгізілді

Оқу-ағарту министрінің 2023 жылы 5 шілдедегі бұйрығымен орыс тілі және басқа да бірқатар пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді туралы, деп хабарлады turkystan.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақ мектептерінде бастауыш білім беру сыныптарына арналған «Орыс тілі» пәні бойынша, 3-4 сыныптарына арналған «Ағылшын тілі», Неміс тілі», «Француз тілі» оқу пәні бойынша; бастауыш сыныптарына «бейнелеу өнері», «еңбекке баулу» және «көркем еңбек» пәні бойынша оқу бағдарламалары баяндалған.

«Орыс тілі» және француз тілі пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

2-3-4 сыныптарда аптасына 2 сағат, оқу жылына 72 сағат.

«Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1-сыныпта-ІІ жартыжылдықтан бастап аптасына 1 сағат, оқу жылында 19 сағат;

2-3-4 сыныпта-аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағат.

«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 35 сағат;

2-3-4 сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағат.

turkystan.kz
21 шілде 2023 ж. 193 0