Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамға қай қырымен жатып ұйықтаған пайдалы?

Адамға қай қырымен жатып ұйықтаған пайдалы?

Ұйқы денсаулықтың маңызды құрамдас бөлігі болғандықтан, түнгі демалыстың сапасын жақсартатын кейбір амалдарды білу маңызды. Сондықтан ұйқыдан кейін өзіңізді сау сезіну үшін қай жақта ұйықтайтыныңызға назар аудару қажет. Тurkystan.kz бұл туралы HuffPost порталына сілтеме жасап хабарлады.

Бір қарағанда, адамның қалай ұйықтауы маңызды еместей көрінуі мүмкін, бірақ олай емес. Әрбір ұйықтау позициясы: бүйірмен, арқамен немесе сол, оң жақ қырыңызбен ұйықтаудың өз артықшылығы бар.

Алдымен сол жақпен ұйықтау туралы айтайық. Бұл қан айналымын жақсартуға мүмкіндік береді және қышқыл рефлюксін азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар сол жақпен ұйықтау өкпенің қалыпты жұмысын сақтауға көмектеседі және күйдіргі (изжога) қаупін азайтады.

Жалпы, денсаулыққа ең үлкен пайда әкелетін сол жақтағы ұйқы болып саналады.

Мамандардың айтуынша, сол жақта ұйықтаған кезде асқазан мен асқазан сөлі өңештің астында қалады.

Сол жақпен ұйықтау кімге тиімді?

Жүктілік кезінде бұл позиция бауырдың қысымын жеңілдете отырып, жүрек, ұрық, жатыр және бүйрек арасындағы қан айналымын жақсартады.

Сол жақпен ұйықтау, әсіресе қорылдайтын, қышқылдық рефлюкс, жоғары қан қысымы немесе ас қорыту проблемалары бар адамдарға ұсынылады.

Ал егер сізде мына проблемалар болса, оң жақпен ұйықтауға тырысыңыз:

созылмалы бауыр аурулары;
өт қабынуы аурулары;
төмен қышқылдығы бар гастрит;
жүрек жеткіліксіздігі;
жүрек соғысынан кейінгі қалпына келтіру кезеңі.
Әсіресе, жүрек ауруы бар адамдар үшін оң жақта ұйықтаудың артықшылығы – органға жүктеме аз болады.

Шалқалап жатып ұйықтаудың пайдасы

Мойын ауруы немесе қан қысымы жоғарылар осы позицияда жақсы ұйықтайды. Нәтижесінде, омыртқа босаңсиды, іш қуысына қысым түспейді.
21 шілде 2023 ж. 248 0