Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

Қазгидромет синоптиктері 28 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай мен бұршақ, дауыл болады.

Тек оңтүстікте және батыста жауын-шашын жоқ, күн ашық.

Республика бойынша жел күшейеді, түнде солтүстікте, солтүстік-батыста тұман түседі.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде 35-38°С қатты ыстық болады.

Күндіз Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында 42-43°С өте қатты ыстық бар.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағаңды, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

28 шілде 2023 ж. 125 0