Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер болжамынша, елімізде жаңбырлы ауа райы сақталады.
Алдағы күндері фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық өткінші жаңбыр жауады. Найзағай күтіледі. Екпінді жел соғады. Бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батыс өңірлері жоғары қысым аумағында болады. Мұнда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар болжанбайды, - делінген хабарламада.