Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биылғы шілде айы адамзат тарихындағы ең ыстық кезең болды

Биылғы шілде айы адамзат тарихындағы ең ыстық кезең болды

Шілденің соңына дейін санаулы күндер қалды. Дегенмен ғалымдар бұл планетадағы ең ыстық ай болатынына сенімді, деп хабарлады turkystan.kz.

Кейбір ғалымдар тіпті 2023 жылдың шілдесі соңғы 120 000 жылдағы жер бетіндегі ең ыстық ай болады деп есептейді. Олар қазіргі жылынудың бұрынғыдан айырмашылығы, адам әрекетінен, ең алдымен қазба отындарын жағудан туындап отыр деп болжам жасады, деп хабарлады ВВС.

Биылғы шілде басталысымен рекордты жаңартуға бет бұрды. 6 шілде планетадағы ең ыстық күн болды. Содан кейін Еуропалық Одақтың Copernicus Climate Change Service климаттық қызметінің мәліметі бойынша, орташа тәуліктік температура бойынша 23 рекорд тіркелген. Солтүстік жарты шардың бірнеше өңірінде бірден аптап ыстық орнады.

Ғалымдардың алдын ала есептеуі бойынша, шілденің алғашқы 25 күнінде ғаламшардағы орташа температура 16,95°С болған. 2019 жылдың шілде айында орташа температура 16,63°C болған еді.

Лейпциг университетінің докторы Карстен Хауштайн 2023 жылдың шілдесі адамзат қазба отындарын жаппай жағуды әлі бастамаған сол дәуірдегі шілдеден 1,3-1,7 градусқа жылы болады деп есептеді.

«Бұл ең жылы шілде ғана емес, сонымен бірге планетадағы орташа температура бойынша ең жылы ай болады. Біздің планетамыздың тарихында ұқсас жағдайларды табу үшін мыңдаған, тіпті ондаған мың жыл бұрынғыны іздеу керек», – деді доктор Хауштайн.
31 шілде 2023 ж. 329 0