Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыркүйектен бастап үй жануарлары есепке алынады

Қыркүйектен бастап үй жануарлары есепке алынады

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан бойынша үй жануарларын есепке алу ережелері 1 қыркүйектен бастап күшіне енетіндігі туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ереже иттер мен мысықтарды міндетті түрде есепке алуды көздеген. Үй жануарларын есепке алуды жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласында емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар жүзеге асырады.

Үй жануарларын есепке алу жөніндегі ақпараттық жүйені жергілікті атқарушы орган өзі айқындағандықтан азаматтар сұрақтар бойынша жергілікті әкімдікке жүгіне алады.

Есепке алу нормаларын бұзған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 407-2-бабында тиісті айыппұл салу ісі көзделген.
03 тамыз 2023 ж. 302 0