Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 қыркүйектен бастап тәрбиешілердің жалақысы өседі

1 қыркүйектен бастап тәрбиешілердің жалақысы өседі

1 қыркүйектен бастап тәрбиешілердің жалақысы 30%-ға өседі. Бұл туралы Орталық коммуникциялар қызметі алаңында өткен брифингте Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Департамент директорының сөзінше, соңғы төрт жылда тәрбиешілердің еңбекақысы кезең-кезеңімен 25%-ға өсті.

2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап мектепке дейінгі мекемелер педагогтерінің жалақысы тағы 30%-ға көтеріледі. Мұндай шаралар мектепке дейінгі мекемелерге педагогтерді тартуға септігін тигізеді. Өйткені, өздеріңіз білетіндей, бүгінгі күні кадр тапшылығы бар, - деді Наталья Жұмаділдаева.

Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке тұрудың бірыңғай базасын енгізу жүзеге асырылады.

Бұл қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етеді, деректердің бірыңғай тізілімін қалыптастырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Фото: dknews.kz
07 тамыз 2023 ж. 203 0