Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ауыл аманаты»: құжаттар тізімі мен жауапты мекемелер

«Ауыл аманаты»: құжаттар тізімі мен жауапты мекемелер

Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» жобасына құжат қабылдау жүріп жатқаны өткен материалда айтылды.
Жобаға кімдер қатыса алады? Қайда және қандай құжат тапсыру керек? Осы және өзге де сұрақтарға бүгін жауап береміз.
«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жүзеге асырып жатқан «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылар 2,5 пайызбен несие ала алады. Несие 5-7 жылға беріледі. Қаржы көлемі 8,6 млн теңгеден 27,6 млн теңгеге (ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін) дейін.
Жобаға 18 жасқа толған азаматтардан бастап зейнет жасына дейінгілер қатыса алады.

Жеңілдетілген несиені алуға ниетті азаматтарға төмендегідей талаптар қойылады:
- шағын несие алуға сауалнама-өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат;
- кәсіпкерлік субъектісінің несие тарихын алуы үшін несие бюросына өзі туралы мәліметтерді беруге, сондай-ақ несие есебін алушыға келісімі;
- жобаның бизнес жоспары;
- субъектінің мемлекеттік/мемлекеттік емес органдар алдындағы қарыз шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуған/орындалмағаны жайлы барлық ақпаратты беруге және алуға келісімі;
- ауыл шаруашылығы кооператив мүшелерінің шағын несиені алу, мүлікті кепілге беру жөніндегі мәмілені мақұлдау жөніндегі шешімі;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүлікті кепілге беру жөніндегі кепіл берушілердің келісімі;
- қызмет көрсетуші банктен шотының бар екенін растайтын анықтамалар;
- несие комитеті алдын ала мақұлдағаннан кейін тәуелсіз бағалау есебін алу;
- кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.
 
Жобаға қатысқысы келген азаматтардың «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына келуінің қажеті жоқ. Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктерінде осы жобаны жүзеге асыруға жауапты бөлімдер анықталған. Жоғарыда аталған құжаттарды сол бөлімдерге тапсыру қажет. 
  • Назарларыңызға «Ауыл аманаты» жобасы бойынша қала және аудан әкімдіктеріндегі жауапты бөлімдер мен мамандар және олардың мекенжайы мен байланыс құралдарын ұсынамыз:
Қала, аудан атауы
Жауапты азаматтардың аты-жөні
Жауапты бөлімнің атауы, мекенжайы, байланыс нөмірі
Кызылорда қаласы
Есмағамбетова Жадыра Болатқызы
Қалалық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі
Қызылорда қаласы, Қазантаева көшесі 43                                       
тел.: 8 (7242) 27-46-51
Жалағаш ауданы
Еспенбет Жасұлан Ерданұлы
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі
Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі 3                                         
тел.: 8 (72431) 32-3-82
Қазалы ауданы
                                 
Қуатов Сапарбек Қыстауұлы
Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі
Әйтеке би кенті,
Ж.Нұрмұхамедұлы көшесі 130   
тел.: 8 (72438)79-2-80 ішкі: 6981, 6983                                     
Әзілхан Бекарыстан
Қанат Арыстанбек
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі
Әйтеке би кенті,
Ж.Нұрмұхамедұлы көшесі 130   
 8 (72438)79-2-80 ішкі: 6941
Шиелі ауданы
Құрманәлиев Қасымхан Ғалымұлы
 Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі
Шиелі кенті,  И.Әбдікәрімов көшесі 11                                    
тел.: 8 (72432) 35-4-00
Жаңақорған ауданы
Нұртазаев Марлен Бақытұлы
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі
Жаңақорған кенті, М. Көкенов көшесі 44
тел.: 8 (72435) 22-4-97
Арал ауданы
Дәрібаев Айбек Әділұлы
Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі
Арал қаласы,М.Мақатаев көшесі 2Б
тел.: 8 (72433) 4-12-62
Садуақасов Мырзадин
Қармақшы ауданы
Есқалиева Сәрсенкүл Әлімжанқызы
Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі
Жосалы кенті
Оразақын көшесі 44, тел.: 8 (72437) 2-10-65
Бодықов Нұржан
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі  
Жосалы кенті, Көшербаев көшесі 46
 тел.: 8 (72437) 2-31-08
Сырдария ауданы
Жұмабеков Нұрбол Баянәліұлы
Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі
Тереңөзек кенті, Алиақбаров көшесі
тел.: 8 (72436) 2-11-37
Әлайдаров Ж
Козыбаева Ляззат Исабекқызы
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі
Тереңөзек кенті, Д.Қонаев көшесі
тел.: 8 (72436) 2-19-56
Сұрақтар туындаған жағдайда +7 775 451 28 28 нөміріне хабарласуға болады.

«Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның баспасөз қызметі
07 тамыз 2023 ж. 358 0