Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Mycar.kz Қызылордада: Жүрілген автокөліктерді сатып алудың жаңа мүмкіндіктері

Mycar.kz Қызылордада: Жүрілген автокөліктерді сатып алудың жаңа мүмкіндіктері

Mycar.kz енді Қызылордада ашылмақ. Франшизаны ұсыну құқығы Prim Motors тобына кіретін Turan Auto Kz компаниясына берілді. Автокөлік нарығында 10 жылдық тәжірибесі бар бұл компания Қызылордадағы Chery, Haval, Tank және Changan брендтерін ұсынған Astana Motors-тың серіктесі.

Mycar франшизалық автоорталығының ресми ашылуы 2023 жылдың қараша айына жоспарланып отыр. Қазір құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бұл серіктестіктің арқасында клиенттер Mycar.kz экожүйесінің барлық қызметтеріне жүгіне алады. Мәселен, мұнда заңды және техникалық жағынан тексеріліп, сату алдындағы дайындықтан өткен жүрілген автокөліктерін тиімді сатуға немесе сатып алуға, айырбастауға, сондай-ақ автокредит алуға мүмкіндіктер қарастырылған.

Франшизалық орталықтың негізгі бизнес бағыты толыққанды автоорталықты іске қосып, Mycar.kz экожүйесінің барлық өнімдерін қамтуды көздейді. Атап айтқанда, жүрілген автокөліктерді қабылдау және сату, қызметкерлерді оқыту, маркетингтік ілгерілету, Mycar Finance қаржылық өнімдеріне, Mycar Pro-ға қолжеткізу, автокөлік орталығының барлық ішкі процестерін автоматтандыру сияқты дәлелденген бизнес-процестерді жүзеге асыра алады. Одан бөлек, алдын ала мақұлдауға мүмкіндік беретін Mycredit платформасында әртүрлі автокредиттік ұсыныстарды онлайн салыстыру және ең жақсы нұсқаны таңдау мүмкіндігі тағы бар.
"Қазақстандық компаниямен үшінші франшизалық келісімге қол қойып, біз үшін нарығы маңызды Қызылорда облысына келіп жатырмыз. Прогрессивтілік пен тұтынушыға бағдар беру әрқашан Mycar.kz-тің өзекті әрі ерекше қасиеті болып қала береді. Қызылордадағы Mycar.kz франшизасы жұмысының арқасында жүрілген автокөліктерді сатып алу әлдеқайда жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз болмақ. Бұл жүрілген автокөліктер нарығының ашық болуына мүмкіндік беретініне сенімдіміз", - деді Mycar.kz бизнесті дамыту жөніндегі директоры Тимур Григорьев.

Бүгінде Қазақстанда Mycar.kz-тің алты автоорталығы табысты жұмыс істейді. (Оның екеуі Алматыда, бір-бірден Астана мен Шымкент, ал Орал мен Ақтау қалаларында франшиза бойынша жұмыс істейді).

Mycar.kz қосымшасында барлық бренд өнімдері онлайн режимінде қолжетімді. Мұнда сіз ресми автоорталықтан немесе жеке тұлғалардың хабарландырулары арасынан нарықтағы автокөлікті таңдай аласыз. Сондай-ақ сервистік қызметке жазыла аласыз және автокөлікті классифайд (онлайн жарнама витринасы) арқылы сата аласыз. Одан бөлек, Mycredit платформасының арқасында автокредитке алдын ала мақұлдауды да алуға болады.

Бір ғана өтініш беру арқылы клиент платформаға қосылған барлық банктер мен микроқаржы ұйымдарынан автокредит бойынша түрлі нұсқаларды таңдай алады. Сол себептен ұсыныстарды салыстыруға және кредитке автокөлік сатып алудың ең жақсы шарттарын таңдауға мүмкіндік бар.

Бүгінде Mycredit платформасында ірі қаржы институттары Halyk Bank, Банк ЦентрКредит, Freedom Bank, Еуразиялық банктен сондай-ақ Mycar Finance және Sapa Digital Finance микрокредиттік қаржы ұйымдарынан автокредит алуға болады. Бұл серіктестердің тізімі алдағы уақытта әлі де кеңейіп, жаңа мүшелермен толықтырылады.

"Біз жүрілген автокөліктерді сатудың қаншалықты қарқынды дамып келе жатқанын көріп отырмыз және Mycar.kz-пен ынтымақтастығымыз қолданыстағы қызметтерге тамаша қосымша болады. Сондықтан клиенттеріміз үшін автокөліктерді сатып алуды одан да қолайлы және тиімді ететініне сенеміз", - деді "TURAN AUTO KZ" ЖШС директоры Ернар Пірім.
Толық ақпарат алу үшін қосымшаны жүктеп алыңыз немесе Mycar.kz сілтемесі бойынша өтіңіз.

Ал өзіңіздің автоорталығыңызды ашуға сілтеме бойынша өтініш бере аласыз.
14 тамыз 2023 ж. 182 0