Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» »  Kaspi.kz-те тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады.

 Kaspi.kz-те тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады.

Енді Kaspi.kz-те тұрғылықты жері бойынша тіркеліп, басқаларды тіркеуден шығаруға болады.
Тіркеуге тұру керек болған жағдайда,тіркелгіңіз келген тұрғын үйді таңдайсыз:
*өзінің үйінде;
*басқа адамның пәтерінде немесе үйінде.
   Егер тұрғын үйдің бірнеше меншік иесі болса,сізге ХҚКО-на баруыңыз қажет.
Басқа адамның пәтерін немесе үйін таңдасаңыз, тіркеу түрін: уақытша немесе тұрақты, 14 пен 17 жас аралығында балаларды көрсетіңіз, содан кейін үй иесінің ЖСН мен мекенжайын енгізесіз.
Меншік иесі озінің Kaspi.kz мобильді қосымшасында хабарлама алады. Ол сұратуыңызды 24 сағаттың ішінде растауы немесе қабылдамауы мүмкін. Мемлекеттік органдарға қарастыру үшін 15минут қажет болады.
    Қызметтің нәтижесі Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы хабарламада 15 минутта келеді. Онда мекенжайы мен тіркеу түрі жазылады – тұрақты немесе уақытша.
Тіркеу туралы шешімді тұрғын үйдің иесі қабылдайды.
Сонымен қатар, мобильдік қосымша арқылы басқада көптеген қызмет түрлерін ала аласыз. Олардың ішінде:
*Көлікті қайта тіркеу;
*Жүргізуші куәлігін ауыстыру;
*Баланың туу туралы куәлігін рәсімдеу;
*Балаға жәрдемақы тағайындау;
*Зейнетақы аударымдары туралы ақпарат;
*Әлеуметтік аударымдар туралы ;
*Наркология, туберкулезге қарсы және психоневрологиялық диспансерлерден анықтамаларды алуға мүмкіндіктер қарастырылған.
25 тамыз 2023 ж. 185 0