Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Конституция қарсаңында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Конституция қарсаңында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Ағымдағы жылғы 25 тамызда ҚР Конституция күні қарсаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы департаментібастамасы бойынша Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетімен бірлесе «Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуының кепілі» атты ғылыми конференция өткізілді. Мәжіліс мақсаты - әділ мемлекетімізде тәрбие мен білімді қатар алуын насихаттау, Ата заңымыздың мерейі мен үстемділігін дәріптеу болып табылады.

Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары А.Ашиков, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ректорының кеңесшісі А.Жүнісов, Қызылорда облысының прокуратурасы, облыстық сот, полиция, экономикалық тергеп-тексеру және әділет департаментінің өкілдері, сонымен қатар аталған жоғарғы оқу орнының профессор-оқытушылары, құқықтанушылар қатысты.

Жиын барысында А.Ашиков өз сөзінде: «Қолданыстағы Конституциямыз адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау жөніндегі жұмыстың кешенділігіне бағытталған. Бұл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметінің де басым бағыты. Оған айғақ дәлелі – соңғы жылдары біздің Департаменттің қызметкерлері тарапынан тергеп-тексеру барысында азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу фактілерінің орын алмауы»,- деп атап өтті.

Шара соңында Конституция күніне орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуына және қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын нығайтуға үлес қосқандары үшін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бірқатар профессор-оқытушылары және комплаенс-офицері Департамент басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.

korkyt.edu.kz
29 тамыз 2023 ж. 308 0