Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент 4 министрді қызметтерінен босатты

Президент 4 министрді қызметтерінен босатты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 министрді қызметтерінен босатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды;

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды;

Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды;

Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.

Фото: syrboyi.kz
01 қыркүйек 2023 ж. 225 0