Президент бірнеше елдегі Қазақстанның елшілерін тағайындады
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
Уәлихан Әмірханұлы Төреханов Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Сонымен қатар Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылған.
Қазақстан Республикасының Канададағы төтенше және өкілетті елшісі Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов те Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.