Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады

Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады

Мемлекет басшысының жарлықтарымен, Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы, Нажмедин Мұхаметәлі Оман Сұлтандығындағы, Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Индонезия Республикасындағы, Жанна Сәбитқызы Сартбаева Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Ал Бекетжан Махатжанұлы Жұмаханов Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан және Ержан Серікұлы Мұқаш Оман Сұлтандығындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.
https://kaz.tengrinews.kz
18 мамыр 2019 ж. 1 342 0