Табиғи ресурстарды сақтау мәселесіне басымдық берілді

«Шаруалар мен өнеркәсіп өкілдеріне суға қатысты сапалы сараптамалар мен болжамдар керек. Бұл талдаулар әр жылы және орта мерзімді кезеңде судың мөлшері қандай болатынын да қамтуы қажет. Сондықтан бәрін алдын ала жоспарлаған жөн. Сондай-ақ ішкі су ресурстарын үнемдеп пайдалану өте маңызды. Суды үнемдейтін технология өте баяу енгізілуде. Суды шақтап пайдалану мәдениеті де жоқ. Еліміздің кейбір өңірлерінде суды ең көп жұмсайтын ауыл шаруашылығы саласында оның 40 пайызы босқа ысырап болып жатыр. Су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозып тұр», – деді Мемлекет басшысы.
Расында су – тіршілік көзі. Біздің өңір де қайсыбір жылдары су тапшылығын сезіп, қуаңшылық белең алған еді. Шаруалардың сондағы жан күйзелісі тіптен бөлек болды. Дер кезінде қабылданға шешімдердің арқасында ол қиындықты да жеңдік. Бұл жағдайлар бізге суды үнемді пайдалану керектігін ұқтырды. Енді мемлекет басшысының назарға алуы тіршілік көзін сақтаудың маңыздылығын тағы да айқындай түскендей.
Ел президенті биылғы Жолдауында халық пен мемлекет үшін аса маңызды жағдайларды арқау етті деп айта аламын.
Әділбек ӘЙІМБЕТОВ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
фото: egemen.kz