Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде күз мезгіліне тән ауа райы республиканың бүкіл аумағы бойынша орнығады, хабарлайды Egemen.kz.

Ылғалдың үлкен қоры бар Солтүстік циклон алдағы күндері бұлтты және күзгі салқын ауа-райын анықтайды, бүкіл Қазақстан бойынша найзағай ойнап,  жаңбыр жауады, батыста, солтүстікте, орталықта, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында кейбір уақыттарда қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін.

Еліміздің басым бөлігіндегі ауа температурасы күндіз 10-20 градусқа дейін жылы болып, республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 20-30 градусқа дейін жоғарылайды.
09 қыркүйек 2023 ж. 299 0