Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көк шай қара шайға қарағанда шынымен де пайдалырақ па?

Көк шай қара шайға қарағанда шынымен де пайдалырақ па?

Көк шайдың пайдасы туралы ежелден-ақ айтылып келе жатыр. Әлем бойынша көптеген адам оның ағзаға пайдалы тұстарын ескеріп, көк шайды күнде ішеді. Күнде көк шай ішу ағзаңызға қандай әсер береді?

Ол антиоксиданттарға бай

Көк шайдың пайдалы саналатын себебінің бірі – онда катехиндер секілді антиоксиданттардың көп болуы. Антиоксиданттар ағзаны бос радикалдардан қорғайды, сондықтан ол түрлі созылмалы аурулардың алдын алады және қартаю процесін баяулатады.

Артық салмақтан арылтады

Көк шайды жиі ішіп тұрсаңыз, ағзаның ас қорыту қызметі жақсарады. Сондай-ақ іштегі майды кетіретін қасиеті тағы бар. Құрамында ақуыз мол болғандықтан, өте тойымды сусын саналады.

Өмірді ұзартады

Жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алғыңыз келсе, көк шай ішіңіз. Сонымен қатар ол бүйректі сыртқы факторлардың әсерінен қорғайды.

Холестирин деңгейін төмендетеді

Көк шай ағзадағы «жаман» холестеринді азайтып, «жақсысын» арттырады. Көптеген зерттеулер бойынша, күнде көк шай ішетін адамдардың ағзасындағы холестерин құрамы әлдеқайда аз болады.

Теріге күтім жасайды

Көк шай теріні жақсы ылғалдандырып, жаңартады. Құрамында катехин мол болғандықтан, терінің қартаюына жол бермейді.

Тіске пайдалы

Ол қызыл иектің ісінуін басып, тістің бұзылуына жол бермейді. Сондай-ақ тіс жегінің алдын алады.

Есте сақтау қабілетін жақсартады

Көк шай есте сақтау қабілетін жақсартып, зейін қоюды арттырады. Ол құрамындағы полифенол мен катехиннің арқасында болатын нәтиже. Себебі олар - ми жасушаларының бұзылуына әсер ететін бос радикалдарға төтеп бере алатын күшті антиоксиданттар.

Иммунды жүйені қатайтады

Көк шайдағы антиоксиданттар иммунды жүйені сақтап, оған жұқпалармен және қабынумен күресуге көмектеседі.

Көңіл күйді жақсартады

Көк шайда L-теанин аминқышқылы бар, ол босаңсуға және күйзеліс деңгейін азайтуға көмектеседі. Бұл көңіл күйдің жақсаруына ықпал етеді.

Көк шайдың мүмкін зияны

Көк шайда фторид болуы мүмкін. Оның мөлшері көп болған жағдайда ол тіс пен сүйекке жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Көк шай кей адамдардың асқазан шырышына жақпауы мүмкін. Қыжыл пайда болуы немесе асқазаныңыз ауыруы мүмкін. Бұл әсіресе, оны аш қарынға ішкен кезде білінеді.
Көк шайда да кофеин бар. Оны көп ішу ұйқысыздыққа және мазасыздыққа әкелуі мүмкін.
Кей адамдардың көк шайдың құрамындағы заттарға аллергиясы болуы мүмкін.
Көк шай тамақтан темір сіңуін баяулатуы мүмкін. Бұл анемиясы бар адамдарға проблема тудырады.
Жүкті және емізетін әйелдерге көк шайды көп ішуге болмайды.  Дәрігер кеңесін алу маңызды.
Ескерту: бұл қауіптер көк шайды көп ішумен байланысты. Егер қандай да бір медициналық проблемаңыз болса, көк шай ішуді әдетке айналдырар алдында дәрігер кеңесін алған жөн.

Көк шай қара шайға қарғанда пайдалырақ па?

Әдетте, көк шай шынымен де қара шайға қарағанда пайдалырақ деп саналады. Алайда қара шайдың да өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Қандай шай болса да, оны шамамен ішу маңызды.

massaget.kz

13 қыркүйек 2023 ж. 222 0