Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенбі күнгі ауа райы болжамы

Сенбі күнгі ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада түнде және таңертең солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз өңірдің оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда түнде найзағай ойнайды деп күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 18 м/с. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі, күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны 1 градус суықты көрсетеді. Петропавлда солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түнде топырақ беті қатып, 1 градус суық болады деп күтіледі.

Ұлытау облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығына оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Семейде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болуы ықтимал. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ беті қатып, 1 градус суық болады деп күтіледі.

Күндіз Жетісу облысының шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Түнде Павлодар облысының шығысында қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Күндіз Қостанай облысының шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Түнде өңірдің солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

23 қыркүйек 2023 ж. 367 0