Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 27 қыркүйекке арналған ауа райы

27 қыркүйекке арналған ауа райы

«Қазгидромет» РМК 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.
Тек елдің солтүстігінде, орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады.
Республика бойынша түнде және таңертең тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста, солтүстікте екпінді жел соғады.
Қызылорда қаласының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында өрт қаупі жоғары.

baq.kz
27 қыркүйек 2023 ж. 388 0