Шәкірт қиялына қанат бітірген ұстаз

Шәкірт қиялына қанат бітірген ұстаз Зина Елеусізова Арал қаласындағы №260 орта мектебінде еңбек пәнінен сабақ береді. Саналы ғұмырын білім саласына арнаған жан биыл зейнетке шығады. Оның айтуынша тұрмыстық қалдықты кәдеге жаратып, жоқтан бар жасау студент кезінен қалыптасқан қасиет. Он саусағынан өнер тамған мұғалім оқушыларға сапалы білім берумен қатар, оларды еңбекке баулу басты мақсатым дейді.
Жоқтан бар жасап, жарамсыз заттарға екінші өмір сыйлау оқушыларға көп ой салады. Осы арқылы тұрғылықты жерімізде қалдықсыз, таза экологиялық орта қалыптасса екен деймін. Бір жағынан оқытудағы әдіс-тәсілдердің түрлілігі және оны балалардың қызығушылығына қарай бағыттап таңдап алу, мұғалім үшін үлкен жетістік, - дейді Зина Елеусізова.
Алпысты алқымдаған ұстаздың қолынан шыққан дүниелер бүгінде мектептің кабинеттеріне ерекше сән беруде. Тіпті, бұл ерекше заттарына бүгінде көпшілік қызығушылық танытуда екен. Зина апай алдағы уақытта түрлі көрмелерге қатысуды жоспарлауда.
kyzylorda-news.kz