Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі ауылдарды аралады

Аудан әкімі ауылдарды аралады

Аудан әкімі Серік Сермағамбетовтың сапары Жаңақұрылыс, Қаратерең ауылдық округтерінде жалғасты.
Алдымен аудан басшысы Жаңақұрылыс елдімекеніндегі №74 орта мектебінде болып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Аудан басшысы алдымен өңірдегі атқарып жатқан жұмыстар мен жаңа бастамаларға тоқталды.
«Ауылшаруашылығын дамытудың 2022-2024 Жол картасы аясында 2022 жылы 700-ден аса аумақты аса аумаққа егін егілсе, биыл 1500 гектарға жеткізсек, келесі жылға 3000 гектарды игеруді жоспарлап отырмыз. Бұның барлығы өткен жылғы жайылымдық, шабындық және суармалы егістік жерлерді суландыру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі. Теңізіміз толып жатыр. Былтыр "Көкарал бөгетін сақтап қалу және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру" жұмыстары жүргізілсе, өткен жылы осы бағытта 500 млн.ға жуық қаржы қаралып тиісті шаралар атқарылды» деп баяндап өтті.
Кездесу барысында тұрғындар сауалына жауап беріп, алдағы жоспарлармен де бөлісті.
Жиын соңында аудан басшысы елді-мекендегі мектептің жұмыс барысымен танысып, қысқы жылыту маусымына дайындық барысын көрді.
Мұнан соң аудан әкімінің жұмыс сапары Қаратерең ауылында жалғасты. Ауыл халқымен кездесу барысында жыл басынан бері аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды айтып, нәтижелі жетістіктерге жеке-жеке тоқталып өтті. Сонымен бірге, өз сөзінде «Биылғы жылы өңірдегі түйткілді мәселелер ретімен шешімін тауып, 7 макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсім орын алды. Көлік инфрақұрылымын дамыту саласының өзіне бюджеттен 7 млрд.-тан астам қаражат қаралып, аудандық маңызы бар автожолдар бойынша 31 жоба іске асырылуда. Одан бөлек, жыл басынан құрылыс саласында 4,2 млрд теңгенің жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, аудан орталығында «Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасының аясында республикалық бюджеттен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 100 пәтер сатып алуға қаржы бөлініп, бүгінде сол 100 пәтерлі 50 үйдің құрылысы өз деңгейінде жүріп жатыр», - деп, аудан әкімі алдағы уақытта жүзеге асыралатын жобалармен де бөлісті.
Сондай-ақ, аудан басшысы бірінші кезекте халыққа ауыз су, жарық, жол сынды инфрақұрылымдармен бірінші кезекте қажетті нысандармен қамтылатындығын, тиісінше қалған Қаратерең ауылындағы жұмыс сапары барысында елді мекендегі мектеп пен дәрігерлік амбулаторияның жұмыс барысын бағамдап, жылыту маусымына дайындығын көріп, отын қорымен толықтай жабдықтау бойынша жауаптыларға тапсырма жүктеді.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
05 қазан 2023 ж. 154 0