Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Бөген ауылдық округінде болды

Аудан әкімі Бөген ауылдық округінде болды

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов жұмыс сапарымен Бөген ауылдық округінде болды. Атаулы ауылдық округте Серік Сағитжанұлы «Көкарал бөгетін сақтап қалу және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сонымен бірге жоба-сметалық құжаттарда қаралған негізгі жұмыстардың бірі Арал теңізінің солтүстік бөлігінің тұздылығын азайту мақсатында Тұщы, Сарытерең, Қарашалаң-1, Қарашалаң-2 каналдарына механикалық тазарту жұмыстарын жүргізу болатын. Осыған жұмыстарға орай қазіргі кезде Бөген ауылдық округінде орналасқан «Сарытерең» каналын қазу басталды. Аталған жұмыстар нәтижесінде 1500 гектардан аса шабындық аумақты суландыруға және Кіші Арал теңізін суға толтырып, теңіз суын тұщытуға мүмкіндік болмақ.Тағы айта кетейік, «Көкарал бөгетін сақтап қалу және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру» жобасының жалпы құны 4 582 012,050 мың теңге. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарын бастау үшін тапысырыс беруші мен мердігер арасында шарт жасалған. Соған сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарға қазіргі кезде 20 дан аса техника мен 40-қа жуық адам жұмылдырылған.
01 желтоқсан 2022 ж. 589 0