Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Күні бойы сергек жүру үшін қандай таңғы ас ішкен жөн?

Күні бойы сергек жүру үшін қандай таңғы ас ішкен жөн?

Күні бойы сергек жүру үшін таңғы асқа ақуыз бен көмірсуға бай тағам ішкен дұрыс. Бұл туралы эндокринолог, профессор Зухра Павлова жақында жүргізілген зерттеу негізінде айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

    "Түстен кейін сергек жүру үшін таңғы асқа не жеу керек? Ғалымдар ақуыз, күрделі көмірсу және кофе екенін айтады. Бірақ бір нәрсені ескері қажет ", - дейді Павлова.


Ол кофе тек төрт сағатқа қуат беретінін түсіндірді. Содан кейін бұл сусынды ішкендерге кофеиннің жаңа заряды немесе сергу үшін серуендеу қажет. Эндокринологтың айтуынша, көмірсулардың әсері одан да қысқа мерзімді, олар бір сағатқа ғана жетеді.

Сонымен қатар, сарапшы таңғы асқа ақуызға бай тағамдар жейтін адамдар күні бойы сергек жүретінін айтады. Бұл ақуыздың ми жұмысын жақсартатынына және қандағы қант деңгейін тұрақтандыруға көмектесетініне байланысты екен.

    "Таңғы асты ең маңызды тағам деп санаймын. Ол теңестірілген болса, түскі және кешкі ас кезінде денеге аз энергия қажет болады. Кофеге келетін болсақ, оны таңғы астан соң бір сағаттан кейін ішу керек, ал аш қарынға мүлдем ішуге болмайды", - деп түйіндеді дәрігер.

Сурет: massaget.kz


07 қазан 2023 ж. 235 0