Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын

Осындай жиындардың бірі аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында өтті. Расында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі ашықтық пен оның қоғамға келтірер зиянын, ел дамуына тигізер орасан зор кедергісін талқылап, талдап, жиі-жиі түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, жеңіл ақшаға қызығушылықтың соңында ауыр тәртіп пен талаптың тұрғанын түсіндіру жең ұшынан жалғасқан әрекеттерге тосқауыл қоюдың бірден-бір құралы екені анық.
Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында өткен жиын Арал аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының инспекторы, полиция майоры Ерлан Жанжігітовтің қатысуымен өтіп, ұжым мүшелеріне сыбайлас жемқорлықпен күресудің өзектілігі ашық айтылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы бір қоғам дертімен күресу әрбір азаматтың мызғымас мақсатына айналу қажеттігі сөз етілді.
"Толқын" ақпарат