Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиация мәмілеге келтірді

Медиация мәмілеге келтірді

Арал аудандық сотында талап қоюшы А-ның жауапкер Б-дан 600 000 теңге өндіру туралы талабы медиация тәртібімен реттелді.
Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыдан қарыз ақша алып, оны қайтару жөніндегі борышын орындамаған. Осыған орай талап қоюшы соттан, алажақ қарыз ақшасын өндіріп беруді сұраған.
Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында оларды бітімге шақырып, «Медиация туралы» заңның, сондай-ақ сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндірген.
Нәтижесінде тараптар дәлелдемелері мен дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасқан. Келісімге сәйкес жауапкер берешек қарызын бір ай ішінде төлеп құтылуға міндеттенген.
Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы медиативтік келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
10 қазан 2023 ж. 174 0