Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиация мәмілеге келтірді

Медиация мәмілеге келтірді

Арал аудандық сотында талап қоюшы К-ның жауапкер С-дан 370 000 теңге өндіру туралы талабы медиация тәртібімен реттелді.
Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы «Halyk Bank» мобильді қосымшасы арқылы өзінің «Kaspi Bank» есеп шотына ақша аудармақшы болып, нөмірін қате теріп, қаражатты жауапкердің есеп шотына жіберіп қояды. Ақшаны қайтару жайында жауапкермен өзара келіскенімен, ол оны қайтаруға асықпайды. Осыған орай, талап қоюшы жауапкерден қате аударылған ақша қаражатты өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге мәжбүр болған.
Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында оларды бітімге шақырып, «Медиация туралы» заңның, сондай-ақ сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндірген.
Нәтижесінде тараптар дәлелдемелері мен дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасқан. Келісімге сәйкес жауапкер берешек қарызын талап қоюшымен өзара келісілген мөлшерде бөліп төлеуге уағдаласқан.
Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы медиативтік келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
24 сәуір 2023 ж. 324 0