Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сотқа дейінгі хаттама дауды реттеді

Сотқа дейінгі хаттама дауды реттеді

Арал аудандық сотында талап қоюшы дара кәсіпкер "П"-ның жауапкер Е-ден 61 085  теңге қарызын өндіру туралы талабы тараптардың сотқа дейінгі хаттаманы толтыруы арқылы татуласуымен реттелді.

Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, оларды бітімге шақырып, сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндірген.

Нәтижесінде тараптар, дәлелдемелері мен дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды реттеу туралы келісім жасасқан. Келісімге сәйкес, талап қоюшы жауапкердің материалдық жағдайын ескере отырып, оның берешек қарызын бөліп төлеуіне мүмкіндік берген.

Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
09 маусым 2022 ж. 450 0