Сотқа дейінгі хаттама – дауды сотқа дейін шешудің тиімді жолы

Сотқа дейінгі хаттаманы тараптардың өздері де, медиаторлар мен адвокатқа жүгіну арқылы да жасауға болады, онда тараптар бір-біріне дәлелдемелерді ашып, дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқаларын ұсына алады.
Дауды сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы аяқтау тараптарға азаматтық іс қозғалғанға дейін дәлелдемелермен алмасуға, сол арқылы даудың нәтижесін пайымдауға, уақытын үнемдеуге, сондай-ақ бұрыңғы қарым-қатынасты сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Сотқа дейінгі хаттаманы жасаудың артықшылықтарын талап қоюшы И-дың жауапкер С-дан қарыз ақша өндіру туралы талап қоюы бойынша тараптары пайдаланды.
Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында оларды бітімге шақырып, сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндірген.
Нәтижесінде тараптар дәлелдемелері мен дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды реттеу туралы келісім жасасқан. Келісімге сәйкес талап қоюшы жауапкердің материалдық жағдайын ескере отырып, оның берешек қарызын бөліп төлеуіне мүмкіндік берген.
Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі