Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматтық ісі медиация тәртібімен тоқтатылды

Азаматтық ісі медиация тәртібімен тоқтатылды

Арал аудандық сотында талап қоюшы Ж-ның жауапкер Г-ден берешек қарызын өндіруді сұраған азаматтық ісі медиация тәртібімен реттелді.
Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыдан 306 500 теңге қарыз алып, оны қайтару жөніндегі борышын орындамаған. Осыған орай, талап қоюшы соттан алажақ қарыз ақшасын өндіріп беруді сұраған.

Судья медиатор тараптармен әңгімелесу барысында, оларды бітімге шақырып, сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндірген.

Медиациялық келісімге сәйкес, жауапкер талапты мойындап, берешек қарызын талап қоюшыға 2022 жылдың шілде айынан бастап ай сайын 20 000 теңгеден төлеп тұруға міндеттенген, ал талап қоюшы келісім талаптарын қабылдап, іс жүргізуді тоқтатуға келісімін берген.
Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
 
 Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
 
17 маусым 2022 ж. 371 0