Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиацияның тиімділігі

Медиацияның тиімділігі

Арал аудандық сотында талап қоюшы П-ның жауапкер О-дан берешек қарызын өндіруді сұраған азаматтық ісі медиация тәртібімен реттелді.
Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыдан 200 000 теңге қарыз алып, оны қайтару жөніндегі борышын орындамаған. Осыған орай, талап қоюшы алажақ қарыз ақшасын өндіріп беруді сұраған талаппен сотқа жүгінген.
Істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен реттеу мүмкіндіктері мен құқықтары түсіндірілген.
Осыдан кейін тараптардан, азаматтық істі өздерінің қатысуынсыз қарау туралы арыз және медиативтік келісімді бекіту туралы өтініштері түскен.
Медиациялық келісімге сәйкес, жауапкер берешек қарызын талап қоюшыға ай сайын 20 000 теңгеден төлеп тұруға міндеттенсе, талап қоюшы келісім талаптарын қабылдап, іс жүргізуді тоқтатуға келісімін берген.
Сот ұйғарымымен келісім бекітіліп, іс өндірістен тоқтатылды. 
                     
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
15 қыркүйек 2021 ж. 454 0