Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық кәсіпкердің өтініші бірнеше ай бойына қараусыз қалған

Қызылордалық кәсіпкердің өтініші бірнеше ай бойына қараусыз қалған

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне өңірде автокөлік сату қызметін жүзеге асыратын кәсіпкер әкімдіктің әрекетсіздігіне қатысты шағым білдірді.

Атап айтқанда, кәсіпкер Қазақстандағы автокөліктерді сатумен айналысатын дистрибьютордың шарттарына сәйкес, Қызылордада автосалонды ресми түрде ашу мақсатында билборд (пилон) орнату үшін жергілікті әкімдікке бірнеше рет жүгінуге мәжбүр болған.

Десе де, қала әкімдігі бірнеше айлар бойы кәсіпкердің билбордты орнату жөніндегі өтінішін қарастырмаған, сәйкесінше тиісті аукцион өткізбеген.

Бұл мәселені шешу үшін Департамент басшылығы бизнес субъектісінің өтініші бойынша қала әкімінің орынбасары мен уәкілетті бөлімдерінің басшылығымен кездесу ұйымдастырып, кәсіпкердің мәселесін талқылады.

Нәтижесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдары бойынша кәсіпкер автосалонның билбордын орнатып, ресми түрде жұмыс жасауға мүмкіндік алды.

www.gov.kz
10 қазан 2023 ж. 219 0