Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін елімізде күн ашық болады

Бүгін елімізде күн ашық болады

17 қазанда еліміздің басым бөлігінде күн райы ашық болады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, тек республиканың батыс облыстарында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Таңертең республика бойынша тұман күтіледі. Орталықта, Жетісу облысының таулы аймақтарында 1-3 градус аяз болады.
17 қазан 2023 ж. 78 0