Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Электронды үкімет – үлкен мүмкіндіктер алаңы

Электронды үкімет – үлкен мүмкіндіктер алаңы

Жыл басынан Арал аудандық отбасын қолдау орталығында «E-GOV» элетронды үкімет порталы арқылы,қызмет көрсету бұрышы бойынша жер телімін алуға 3 адам, балабақшаға кезекке тіркеуге 5 адам жәнеәлеуметтік қызмет көрсету порталынан мүгедектігі бар адамды аблитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 484 қызмет алушыға тапсырыс беруге жәрдемдесу жұмыстары атқарылды.Тегін оқу курстары бойынша: Тігінші мамандығына - 7 адам оқып, 5 адам сертификат алса, сол секілді шаштараз мамандығына - 7 адам оқып, 3 адам сертификат, маникюр мамандығына - 1 адам, массажист мамандығына – 8 адам және ұсақ моншақтар бойынша - 3 адам оқып сертификаттарға ие болып, қалған қатысушылар оқу курстарын жалғастыруда.Логопед және психолог қызметі бойынша: Логопед маманынан – 8 бала, психолог маманынан – 5 бала тұрақтықызмет алуда.Сонымен қатар, спортжәне белсенді ұзақ өмір сүру терапиясы қызметі бойынша, теннис спорт түрінен – 5 адам, шахмат, дойбы спорт түрлерінен - 4 адам және тренажерлық жаттығу құралдарымен - 11 адам шұғылдануда. Белсенді ұзақ өмір сүру терапияасы бойынша - 2 адам қызмет алуда.Бүгінгі күнге дейін барлығы 43 іс-шаралар өткізіліп, әлеуметтік желілерге жарияланды.
Ә. ӨТЕГЕНОВ,
«Арал аудандық отбасын қолдау орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
28 қазан 2023 ж. 345 0