Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәрдемақыға құжат тапсыруды жеңілдетті

Жәрдемақыға құжат тапсыруды жеңілдетті

Бала тууға байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыларды тұтынушылар электронды үкімет порталы арқылы тапсырып, қазіргі уақытта сапалы қызмет көрсетілуде.  Құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар отбасыларға да қуанышты жаңалық Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2021 жылғы 10 ақпандағы №33 бірлескен бұйрығына сәйкес «Электронды үкімет» порталы арқылы «Көпбалалы отбасыға» берілетін жәрдемақыны тағайындау мемлекеттік қызмет көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру қолға алынды. Енді көпбалалы отбасылар бұрынғыдай бала туған кезде берілетін бір жолғы және бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін төленетін жәрдемақыны электронды портал арқылы бір өткізіп, көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барып әуре болмай, бәрін бірдей электронды үкімет порталы арқылы өткізе алады. Қазіргі таңда аудан тұрғындары осы тиімді жобамен мемлекеттік қызмет түрін пайдалануда. Төлем алушыларға бір жерден қызмет көрсету және қағаз түріндегі құжаттар түрін азайту мақсатында Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесі мен орталықтандырылған деректер қоры үнемі жетілдіріліп жеке куәлік, мекенжайы, балалардың туу туралы куәліктері, бет есептері туралы мәліметтер электронды ақпарат жүйесінен алынуда. Осыған сәйкес аудан тұрғындарына оңтайландырылған қызмет түрін пайдалану ескертіледі.
А.АМАНОВ,
 «Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ
 әлеуметтік қызмет көрсету бойынша
 Арал аудандық бөлімінің бас маманы
24 қыркүйек 2021 ж. 820 0