30 қазанға арналған ауа райы болжамы
РМК 30 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.«Қазгидромет» деректеріне қарағанда, республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен күн құбылмалы болады.
Жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз республиканың шығысында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.










