Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жаңбыр, жел, көктайғақ – сәрсенбіге арналған ауа райы

Жаңбыр, жел, көктайғақ – сәрсенбіге арналған ауа райы

"Қазгидромет" РМК 30 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды baq.kz.
Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерде жауын-шашын жауады көбінесе жаңбыр түрінде, республиканың оңтүстігінде таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Кей жерде жел күшейеді, тұман, солтүстікте көктайғақ күтіледі. 
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Қостанай облысының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 
Жамбыл, Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. 
Ақмола, Павлодар, түнде және таңертең Маңғыстау,  Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

 
30 қазан 2019 ж. 600 0