Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК 31 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктер болжамына сәйкес, бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде Атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалына байланысты ауа райы құбылмалы болады.

«Республиканың басым бөлігінде жауын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ күтіледі. Түнде Қазақстанның орталығында (жаңбыр, қар), оңтүстік-шығыста, таулы аудандарда (жаңбыр, қар), күндіз оңтүстікте қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшеюі ықтимал, солтүстік-батыста жел тұрып, жаяу бұрқасын соғады», делінген хабарламада.
31 қазан 2023 ж. 234 0