Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 15 қарашада салық есебін тапсыру мерзімі аяқталады

15 қарашада салық есебін тапсыру мерзімі аяқталады

1 қазаннан бастап 15 қарашаға дейін салық төлеушілер 2023 жылдың қыркүйек айы және 3 тоқсаны үшін салық есептілігін ұсынуы тиіс, еп хабарлайды BAQ.KZ Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті салық есептілігін тапсыруды кейінге қалдырмай, алдын-ала жіберуге кеңес береді. Төменде көрсетілген салық есептілігінің нысандарын ұсыну мерзімі 2023 жылдың 
15 қарашасында аяқталды.

Салық есептілігін бірнеше тәсілдермен ұсынуға болады:
1) электронды түрде:
- «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы («Салық есептілігі нысандары» / «Нысандар журналы» );
- «СЕӨЖ» ақпараттық жүйесінде;
- eGov.kz электрондық үкімет порталында.
2) келу тәртібімен:
- қағаз түрінде қызметті тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына немесе тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыруға міндетті;
3) пошта арқылы тапсырыс хатпен.
03 қараша 2023 ж. 363 0