Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткі армандарды өлтіреді

Есірткі армандарды өлтіреді

Есірткі сіз қалаған нәрселерді істеуге кедергі келтіреді. Сіз «Қалай?» деп сұрауыңыз мүмкін. Себебі, есірткі сізді физикалық түрде өлтіреді және эмоционалды түрде әлсіретеді. Сіздер әлеуметтік желілерден немесе жаңалықтардан есірткі қолданған адамдар туралы жиі естідіңіз деп ойлаймын. Мінеки сол адамдардың тағдырын елестетіп көріңізші.
Есірткі қолданған адамдардың көбісі психиатриялық стационарда жатыр. Олар өз бетімен ойлана алмайды, олардың жақын адамдары немесе достары жоқ және олар армандай алмайды. Себебі, олардың армандары осы жерде аяқталды және енді ол армандарды орындау мүмкін емес… Адам өзі туралы ойлай алмаған кезде, армандарында орындай алмайды. Енді сізде ойланып көріңіз. Есірткіге бола бар армандарыңыздан бас тарту, қымбат өмірді құрту тәуекелге тұрарлық па? Неге жастар өз өміріне, денсаулығына балта шабуға құштар келеді? Бар өмірі алда болғандықтан армандап, сол арманды орындауға мақсат қою керек. Пайдасы жоқ есірткі арқылы арманынан бас тартып, өз өмірінің мәнін жою нағыз ақымақтық емес пе?
Болашағың жарқын, арманың асқақ болсын десең сенде зиянды әрекеттерден, заттардан өз бойыңды алшақ ұста. Бұл сенің өз болашағыңа жасаған ең жақсы қадамың. Мен саған сенемін!
Раушан Нұрланқызы,
№82 орта мектептің 10 сынып оқушысы
10 қараша 2023 ж. 553 0