Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мен саған есірткі туралы айтайын»

«Мен саған есірткі туралы айтайын»

Бүгінде әлем елдерінің алаңдаушылығын тудырып отырған басты қатер коронавирус сырқаты десек, нашақорлық мәселесі де күн тәртібінен бір сәтке де болса түскен емес. Емі бар сырқат кетеді. Ал талай уақыттар бойы емі табылмай келе жатқан есіркіге тәуелділікті қалай тұсаулаймыз? Қаншама шаралар атқарылып келе жатқанымен нәтижесі анық көрінбей тұрған қоғам кеселінің күрделігі де сол, оның жас талғамай сананы улайтындығында болып тұр. Жалпы ол жайында не білеміз?! Соған тоқтала өтсек.
Жалпы есірткіге тәуелді адамдар саны өте көп. Бүкіләлемдік статистика бойынша жаһан елдерінің 96%-ы есірткі қолданады. Қазіргі уақытта барлық мемлекеттер наркотик тасымалдауға тиым салынғанымен одан келер пайда аз болып тұр.
Бұрынғы кездерде наркотикті дәрігерлер емдік жағдайда қолданған. Оны жүйке жүйесі ауруларын уақытша тоқтатуға пайдаланған. Ауру өршіп, көп мөлшерде наркотик қолдана отырып есірткіге тәуелді болады.
Ең алғаш есірткі тасымалы АҚШ, Канада, Чехия мемлекеттерінде танылған. Және 2008 жылы Нидерланд мемлекеттінде шығарылған. Есірткі тасымалдағаны және оны қолданғаны үшін халықаралық күрес қатаң шараларды қолдануды талап етті. Ұлыбритания, Бельгия, Грекия, Ирландия, Канада,  Франция және басқа елдерде осы қылмыс үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруды белгіледі. Есірткі сатқаны үшін өлім жазасына кесу Иран, Қытай, Сингапур, АҚШ жәнеТайланд заңнамаларында көрсетілген. Қазіргі заманда есірткіден бөлек электронды темекілер 13-18 жас аралығындағы жас өспірімдер арасында кең таралған. Сол себепті бүкіл әлем және Қазақстан бойынша сатуға тыйым салу керек! Жалпы адамзат есірткіні қолданар алдында ойланып істеу керек. Ол адамды жүйкелік және физикалық түрде  өзіне тәуелді етіп алады. Адамды 5-10 минуттық ләззәтқа бөлейді. Адам есірткі қолданар алдындағы ләззәттан бұрын өз денсаулығын, өзіне келетін зиянды ауруларды ойлауы қажет.
Енді келесі мәселе. Нашақорлыққа адамдар не үшін барады? Негізінен, адамдар есірткіні көңіл көтеру, босаңсу үшін қолданады, ал оның салдары жайлы тіпті бас қатырмайды. Менің ойымша, нашақорлар – болашағы жоқ адамдар, олар тек миын, өкпесін, бауырын құрататын есірткі туралы ойлайды, ал ол туралы ойлар күш пен ақыл-ойды бұзады.
Нашақор – әлеуметтік "мәйіт". Ол қоғамдық істерге араласпайды, оны ештеңе де қызықтырмайды. Есірткіні сатып алу және қолдану олардың олардың өмірлік мәніне айналады. Ең жаманы, олар айналасындағыларды осы іспен айналысуға шақырады. Сол себепті, кейде нашақорлықты эпидемиялық инфекциялық емес ауру деп те айтатыны тегін емес.
Мен өз  замандастарыма  «Нашақорлықтан  бойларынды  алшақ  ұстаңдар!»  дер едім.

Нұрдаулет Талғатұлы,
№2 Облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 9 А  сынып  оқушысы
28 қаңтар 2022 ж. 1 112 0