Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткі армандарды өлтіреді

Есірткі армандарды өлтіреді

Сәлем, жас дос! Болашаққа құрған арман мақсаттарың мен айқын жоспарларың көп қой ия? Ол үшін қазірден білім алып, жан жақты ізденіп жүргеніңді білемін, ата -анаң да сенің жарқын болашағың үшін барын аяған емес. Бірақ  кейде сенің санаңды әлеуметтік желілерден  ағылған ақпарат,  алдамшы әдеттер мен жалған достар арбайды ма? Қауіпті синтетикалық есірткі заттары бүгінгі қоғамның басты жауы болып отырғанын білесің бе? Әлемде қаншама жастар есірткі құрбанына айналып, қыршынынан қиылды, олар өмірді емес, өлімді таңдады.Есірткіге құмарлық жай қызықтаудан басталады. "Дәмін татып қана көресің" деген сөз сенің алғашқы жауың! Сенің жарқын жолыңды бұзатын, арманыңнан алыстататын  сол ортаға түсуден абай бол! Зиянды , теріс әдеттердің торы әрқашан сан алуан! Оларға алданба! Себебі есірткі сенің армандарыңды өлтіреді! Сенің бір сәттік қызығушылықтан басталған қателігіңнің өтемі өте ауыр! Есірткіден өзіңді және достарыңды қорға! Кемел өміріңді кесірге айырбастама! Сен жарқын өмірді таңда! Сен өмірді таңда! Сен өзіңді таңда! Ізгі қоғамды құрайтын  іргетасы мықты адамдардан болу өз қолымызда! Саған сәттілік тілеймін!
Диана Тұңғышбаева,
№19 орта мектептің 6 в сынып оқушысы,
Жақсықылыш кенті
14 қараша 2023 ж. 210 0