Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткісіз өмір - ғажайып

Есірткісіз өмір - ғажайып

Іздеп алған аурудың емі табылмас.
Халық даналығы
Әлемдік Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынған мәліметі бойынша жыл сайын есірткі пайдаланатын адам саны 115 миллионнан асады. Ал оның ішінде емделу мүмкіндігі 7 адамнан 1 ғана адамды құрайды.
Есірткінің есіргенін осыдан – ақ аңғаруға болады. Есірткі деген не? Қайдан шықты? Емі қандай? Осы мақаламда осы туралы ой қозғауды жөн көрдім.
Бүгінгі күні иә, естігеннен, тұтынғаннан есіңді алып, төбе шашыңды тік тұрғызатын есірткі деген індеттің талай шаңырақты ортасына түсіріп жатқаны, қоғамның әлеуметтік мәселесіне айналғаны кеше емес.
Нашақорлық дерті дамылдамаған заманда, тәтті қиял сынды алыстан қол сермеп шақырып, ажалға бір табан жақындатып тұрған есірткінің арбауында жүрген жас кәрі жетерлік.  Дана қазақ: «Бірінші байлық - денсаулық» - деп ұран салғалы қаншама ғасыр өтсе де, осынау бір ауыз сөздің құнын бағамдай алмай жүрген жандар қаншама.
Алғаш рет «наркотик» терминнің бүгінгі күні антына адал ақ халатты жандардың атасы Гиппократ қолдан болатын. Аталымыш атау 20 – ғасырда кең етек жайып, әлемге таныла бастады. Қазіргі күні, бұл нарықты шектейтін заң жеткілікті болғанымен, өзінің физикалық, жүйкелік жағдайын шектей алмайтындар көп. Оның ішінде өзім сияқты жарқын болашағынан көп үміт күттіретін, кемел келешекке көз тастайтын замандастарымның көбейіп келе жатқаны жаныма батады.
Қазір әлемде терезең тең, керегең кең болуы үшін тек білім мен ой жарыстыратын заманда, есірткіге тәуелді болып, жас ғұмырын қор қылып жүрген жандарға үндеу де жасағым келеді.
Иә, бұл өнім зиян дегенді алғаш айтқан адам емемпін. Бірақ, бір адам жарық үміт жанып жақсы жаққа өзгерсе біздің жеңісіміз сол болады.
Ардақты аға – буын, қадірменді жас досым, білесің бе, сенің санаңды тұмандаған қараңғы әлемнің щеңберінен тыс күн сәулелі өмір бар. Тек сол өмірге бір қадам жасауға талпысаң болғаны.
Білесің бе есірткі, ол:
Өмірдегі жететін жетістігің мен жарқын болашғыңды шектейді, қымбат қазынаң отбасыңнан айырады, жаныңда сені түсініп, қолдайтын достарды алыстатады. Бұл сен өмірге келгенде, армандаған өмір екеніне күманым бар.
Бұл күні жаңашылдыққа ұмтылған әлемде сен көруің керек қаншама керемет бар. Әлемнің кереметі бұрын сегіз десек, қазір сансыз.  Аядай ғана ауылда, аудан да немесе тоқтаусыз дамып жатқан қала да болсын көз көретін, құлақ еститін таңғажайыптар қаншама?!
Күн сайын күліп оянып, өмірге келгендегі өзіңнің бір миссияңды сен орындамаған да кім орындайды?
Бірақ, одан да маңыздырақ дүние – өзіңнің біртұтас тұлға, ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға болмайтының.
Ағатай, әпке, іні – қарындас, есірткісіз еркін өмір сүру сенің қолыңнан келетініне біз қоғам болып сенеміз.
Осы мақсат жолында бірлігіміз бекіп, мемлекеттік мекемелерден бастап, мектеп оқушысына дейін сенің болашағың мен денсауклығың үшін алаңдайды.
Есірген күйі емхананың керуетінде емес, еркін қанат қағатын кең далада көруді қалайды.
Есірткісіз өмір – ғажайып. Бірақ қол жетпейтін емес, қол созып қаласаң жететін мәре.
Дені сау ұрпақ – тек жеке бастың ғана емес, ұлтымыздың да ұлы игілігі. Соны ескере отырып, салауатты өмір салтын ұстанып, есірткі деген ессіз жауды бірге жеңуге күш салайық. Мен сенімен біргемін. Өзгеріс өзімізден басталады. Сананы сан саққа бөлген дертке жоқ деуді бүгін бастайық.
Ақдәулет Қуанышбаев,
№2 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 9 сынып оқушысы
01 қараша 2022 ж. 664 0