Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткісіз өмір ғажайып!

Есірткісіз өмір ғажайып!

«Қызылорда  ОПД  ЕҚҚІҚБ  тарапынан жарияланған байқауға»
Есірткі – қазіргі қоғам дерті, яғни өлімге апарар бірден-бір зұлым. Адам денсаулығын құртып қоймай, онымен қоса өмірінің де астаң-кестеңін  шығарады. Қазіргі жастардың барлығы осы есірткінің жолында жүріп, өмірімен қоштасып жатыр емес пе, есірткіден өзімізді және келешек ұрпақты қорғауға қандай үлес қосуға болады?
Дана халқымыз салауатты өмір сүруді «Тазалық – саулық негізі, саулық байлық негізі» деген мақалмен  нақтылаған. Жанымыз таза болу үшін салауатты өмір сүруіміз керек. Спортпен шұғылданып, өз-өзімізді шынықтыруымыз керек. Белгілі зерттеушілер (В.Б.Альтушер, А.В.Надеждин, Н.В.Веселовоская) қазіргі заманда есірткінің адам баласына келтіріп отырған ауыр зардаптарын жан-жақты зерттеп, оның қазіргі кезде ең өзекті мәселеге айналғанын дәлелдеп отыр. Ең қорқыныштысы, жасөспірімдер бұл затты қалай қабылдайды?! Есірткіге деген тәуелділік болашақта арта түсе ме деген қорқынышты ойлар да бар. Мұндай жағдайға өтпелі кезеңдегі қыз-жігіттер тап болады. Бұл жағдайда ата-анамен бала арсындағы қарым-қатынас күшейіп, жіті қадағаланып отыруы қажет. Жалғыз ата-ана тарапынан емес емес, мектеп тарапынан да психологиялық  жұмыстар жүргізіп, жан-жақты түрлі жұмыстар алынса деп ойлаймын.
Қорыта келе айтатын болсақ, өз-өміріміз денсаулығымыз, болашағымыз тек өзімізге ғана керек. Спротпен айналысып, жақсы жолда жүрсек, ортамызда жақсы адамдарға толып айналамыз гүлденеді.
Есірткісіз болашақ жарқын, дені сау ұрпақ, бақытты отбасы,  өркендеген   Қазақсытан. Өзімнің қандастарыма айтарым, есірткі – ажал апаны. Сапқтансаң сақ бол деген қазақ даналығы.
Аружан Жамаладинова,
№59 орта мектеп, 10а сынып оқушысы
#есірткігеқарсы байқауы
01 қараша 2022 ж. 499 0