Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...
Бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі – жастардың есірткіге тәуелді болуы. Әлемді жайлаған нашақорлық дерті тамырын кеңге жайып, «жұқпалы ауруға» айналып барады. Зерттеулерге қарасақ,есірткі қолданушылардың басым бөлігі-жастар. Себебі, жасөспірімдер аса еліктегіш келеді. Бір рет қолдансам, ештеңе етпейді деген оймен бастайды, соңында қалай тәуелді болып қалғанын өзі де білмей қалады. Міне, тәуелділік деген – осы. Есірткінің әсерінен көптеген қылмыстар орын алуы мүмкін. Оларға: зорлық-зомбылық, адам өлтіру, өзіне-өзі қол жұмсау, құмарпаздық сияқты жағдайларды жатқызуға болады. Шылым шегу, ащы суға салыну, есірткіге байлану-қазіргі қоғамның дерті. Адамның ақыл-есін улап уақытша ләззәт күйге түсіретін азғындықтың азабына салатынның бірі, өнімдердің ішіндегі ең қауіптісі, әрі қатерлісі-есірткі. Мойынқұм мен Шудың бойында өсетін қарасора мен көкнәрді тек жан ләззәті үшін пайдалану- қандай өкініш. Елдің ертеңін ойлап, келешегіне ойлы көзбен қарайтын қаншама ер-азаматтар осындай улы дәрінің құрбанына айналып жатыр. Өзі ғана емес балалары мен жарына, ата- анасына соншама қайғы-қасіреттің ащы зарын ішкізіп жатқандарын сезіне алады ма екен? Сезінгісі келсе де, бүкіл ағзасына енді әмірі жүре алмайтыны белгілі.
Құмарпаздық өнеге емес, бір сәттік үшін ғана болса, құрдымға кеткені сол болмақ. Бұның барлығы тал бесіктен берілетін тәрбиенің де кемшілігінде шығар мүмкін. Сондықтан қазіргі өркениетті заманда балаларды гаджетке теліп қоймай, кең даланың дархандығын сездіртіп, ұлттық ойындармен ұлттық сана қалыптастыруымыз керек. Жылқы мініп, асық ойнап, ертегі - жырларды тыңдап өскен баладан, шынында азғын ұрпақ шықпауы тиіс. Себебі, «Ат – ер қанаты» деген жылқының асау мінезі мен айбынды кейпі болашақ адамзаттың бойына сіңіп, рухтандырары сөзсіз!
Өмір – адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ,мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі – оның денсаулығы. Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас байлығы. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстан. Өйткені, біздер егемен елімізді сақтайтын таза, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты перзенттеріміз.
Нұрталап ЖҰМАБЕКОВ,
№19 орта мектеп оқушысы