«Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомасын қайтару»

Бұдан басқа, қате аударылған МЗЖ, МКЗЖ сомаларын қайтаруға қажетті құжаттарды (агенттің қате аударылған МЗЖ, МКЗЖ сомаларын қайтару туралы өтініші және салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға келісетіні туралы нотариат куәландырған өтініші) Қағидаларға 4,5-қосымшалар)) Астана қаласы, А.Кравцов көшесі, 18-үй мекен-жайында орналасқан Орталық филиалға пошта байланысы арқылы қағаз тасымалдауышта ұсынуға болады.
Сондай-ақ, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы №339/НҚ бұйрығымен артық (қате) төленген МЗЖ және (немесе) өсімпұлдардың сомаларын қайтару қызметі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тарапынан аталған мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары әзірленуде.
Еркін АШЫҚБАЕВ,
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
комерциялық емес акционерлік
қоғамының Қызылорда облысы
бойынша филиалының Әлеуметтік
қамсыздандыру жөніндегі
Арал аудандық бөлімінің басшысы