Бүгін елімізде тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін
«Қазгидромет» ел аумағында 26 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.Бүгін елімізде тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін
«Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ, бұрқасын болады.
Еліміздің қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін», деп жазды синоптиктер.
Фото: Ашық дереккөзден алынды










