Қоңыр немесе ақ. Қандай жұмыртқа пайдалы?

Көпшілік адамда қоңыр жұмыртқалар ақ жұмыртқаларға қарағанда пайдалырақ деген пікір қалыптасқан. Алайда бұл өтірік. Жұмыртқа қабығының түсі тауықтың түсіне байланысты.
Қауырсыны және құлағындағы жұмсақ бөлігі қоңыр тауықтан қоңыр жұмыртқалар, ал қауырсыны және құлағындағы жұмсақ бөлігі ақ тауықтан ақ жұмыртқалар шығады. Олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ.
Кей жұмыртқалардың қабында органикалық жұмыртқа, еркін жайылған тауықтардың жұмыртқалары деп жазылады. Дәрігер бұл терминдерді маркетингтік құрал деп атады және олар жұмыртқаның құнарлығына әсер етпейтінін айтты.
Неліктен кей жұмыртқалардың сарысының түсі басқаларына қарағанда қоюлау? Жұмыртқа сарысының түсі оның құнарлылығына әсер етеді ме?
Маманның айтуынша, жұмыртқаның құнарлылығына тек тауық жеміндегі қоректік заттар мөлшері ғана әсер етеді.
"Мысалы, жұмыртқа сарысының түсі жемдегі каротиноидтарға негізделген. Жемге каротиноидтарға бай сығындыларды көбірек қосу жұмыртқа сарысының қоюлау және каротиноидтар мен антиоксиданттарға бай болып шығуына әкелуі мүмкін", - дейді маман.
massaget.kz