Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Таңертең тұрғанда істеуге болмайтын 4 әрекет

Таңертең тұрғанда істеуге болмайтын 4 әрекет

Таңды қалай қарсы алсаң, күн солай өтеді деген сенім қалыптасқан. Сондықтан таңертең тұрғанда әр адам істеуге болмайтын әрекеттер бар. Бұл қадамдарды жасамасаңыз күні бойы сергек жүріп, жоспарлы ісіңіздің бәрін тез тындыра алу мүмкіндігі жоғарылайды.

    Таңертең ұйқыдан уақтылы ояну күніңізді өнімді етеді әрі оянуды кейінге ысыра бермеу көңіл-күйіңіздің жақсаруына да әсер етеді. Сондықтан оятқышқа бірнеше уақытты белгілемей, бір ғана мезгілді сақтап, сол уақытта ояныңыз. Уақтылы, лезде тұру - күннің бірінші жеңісі. Ми кішкентай жетістікке қуанып, әрі қарайғы істеріңізді шабытпен орындауға септеседі.
    Тұрған бойда телефонды қолға алуға асықпаңыз. Телефонды шектен тыс қолдану денсаулыққа зиян екені мәлім. Ал, таңертең телефондағы оқыған жағымсыз ақпараттарыңыз күні бойы ойландырып, басқа іске қолыңыз бармай қалуы бек мүмкін.
    Көзіңізді аша сала төсектен тұруға асықпаңыз. Көз оянғанмен басқа ағзалар оянып үлгермейді. Ағзаға дұрыс тонус беру үшін және ашуланшақтықтың алдын алу үшін төсекте сәл жатып, созылып, тыныс алу гимнастикасын немесе жеңіл жаттығу жасау керек.
    Таңертең кофе ішіп не майлы тағам жеуге құмартпаңыз. Оянып үлгермеген ағза мұндай күшті қабылдауға дайын болмайды. Сондықтан асқорыту ағзаларына зақым келуі ғажап емес. Кофенің орнына бал қосылған жылы суды таңдаңыз. Пайдалы, жеңіл таңғы ас ұзаққа дейін тоқ жүрудің ғана емес, сергек, сау болып жүруіңіздің кепілі.

egemen.kz

Сурет ашық дерекөзден 


03 желтоқсан 2023 ж. 246 0