Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастық пен сұлулықты сақтау үшін душқа қалай түсу керек?

Жастық пен сұлулықты сақтау үшін душқа қалай түсу керек?

Жарнамаларда тері жастығы мен сұлулығы үшін душқа түскенде түрлі гель, скраб және лосьондар қолдану керегін айтып жатады. Алайда осының бәрін қолдансаңыз да, теріңіздің душтан соң құрғап кететінін байқайсыз ба? Ендеше, төмендегі ережелерге көз жүгіртіңіз.

1-ереже. Душқа жиі түспеңіз

Душқа түсу жиілігі адамның белсенділігіне байланысты. Мысалы, егер спортпен айналыспаңыз және үйден жұмыс істейтін болсаңыз, сізге аптасына бірнеше рет душқа түсу жеткілікті. Егер спортпен айналыссаңыз және кеңседе жұмыс істейтін болсаңыз, күніне бір рет душқа түскен жөн. Бір күнде таңертең, жаттығу залынан соң және кешке душқа түсудің қажеті жоқ. Себебі душқа жиі түсу теріңізді табиғи ылғалдан арылтады, ал гельдер мен сусабындар оны қосымша құрғатады.

2-ереже. Душқа ұзақ түспеңіз

Жұмыстан келгенде судың астында тұру шаршағаныңызды басып, босаңсытады. Алайда бұлай ұзақ тұру теріге жағымсыз әсер етеді. Сондықтан душқа максимум 20 минут түсу керек.

3-ереже. Ыстық суға түспеңіз

Ыстық су теріні зақымдайды. Ыстық суға түссеңіз, теріңіз құрғап қана қоймай, жүрек соғысы жиіленуі, бас терісі қышуы және басыңыз айналуы мүмкін. Сондықтан жылы немесе салқындау суға түскен жөн.

4-ереже. Скрабты жиі қолданбаңыз

Скрабты жиі қолданатын болсаңыз, ол теріні қатты құрғатып, кейде зақымдап жібереді. Сондықтан оны тері типіне қарай аптасына 1-2 рет қолдану жеткілікті.

5-ереже. Теріні ылғалдандыруды ұмытпаңыз

Денеге арналған крем гидролипидті тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Бастысы, кремді денеге душтан кейін бірден жағыңыз.

(Сурет ашық дереккөзден алынды)
11 желтоқсан 2023 ж. 178 0