Атмосфералық ауа сапасына жүргізілген мониторинг нәтижесі
Ауаның ластануы кез келген адамның денсаулығына әсер ететін маңызды экологиялық факторлардың бірі болып табылады. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында атмосфералық ауаның жай-күйі тұрақты бақылауда.
Аудандық басқармамен тұрақты негізде елді мекендердің атмосфералық ауасының жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізеді. Атмосфералық ауадан сынама алу жұмыстары магистральды көшелерде, қаланың қоныстану және өнеркәсіп аймақтарында, сондай-ақ ауданның барлық дерлік жерінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы бұйрығымен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг халық денсаулығы мен тiршiлiк ету ортасының жағдайына жинау, өңдеу, жүйелеу, талдау, бағалау және болжау арқылы бақылаудың, сондай-ақ халық денсаулығының жағдайы мен тiршiлiк ету ортасы жағдайының арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды айқындаудың мемлекеттiк жүйесi болып табылады.
Мұндағы мақсат адам денсаулығына тiршiлiк ету ортасы факторларының (химиялық, физикалық, биологиялық, әлеуметтік) әсер етуі туралы дәйекті ақпарат алу, уланулардың пайда болуының және инфекциялық аурулардың, кәсіптік аурулардың өршуінің алдын алу бойынша орындалатын іс-шаралардың тиімділігін бағалау, олардың пайда болуын болжау мүмкіндігі болып табылады.
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг және орындалатын іс-шаралардың тиімділігін бағалау белгіленген тәртіппен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарының (санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер, әдістемелік нұсқаулар және ұсынымдар) талаптарына сәйкестігіне жүргізіледі.
2023 жылдың 11 айында атмосфералық ауаның 1420 сынамасы алынды, оның ішінде санитариялық нормативтерден асып кету деректері анықталған жоқ.
Шекті көрсеткіштерден асып кету деректері анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, елді мекендерде ластаушы заттардың әсерін төмендету бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
А. Сатекеева,
Арал аудандық Сэбб басшысы
Сурет: tolqyn.kz